Біздің жаңалықтар
Күз кетіп, оның орнына қыс келді. Далаға ақ кілем төселгендей қар жауған. Бүгін таңертеңгісін таза ауада серуендеуге шыққан бүлдіршіндеріміз ақша қардан аққала жасап, ерекше қуанып қалды.
«Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы», - деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, білімі мықты, білігі жоғары жаңашыл ұстаздар біздің мекемемізде де жеткілікті.
«Үміт» тобының кішкентай ханзадасы – Алихан 3 жасқа толды. Өзінің есте қаларлық ерекше мерекесін көңілді өткізуі үшін, Алиханның достары қонаққа Аю мен Қоянды шақырды. Ал мекемеміздің мамандары бірлесіп құрған қайырымдылық топ мүшелері Алиханға ерекше тосын сый жасады. Әдемі үрме шарлар мен өзі армандаған ойыншықты сыйға берді. Алиханды өмір есігін ашқан күнімен құттықтаймыз.
Қыран болып самғап, биіктерді бағындыратын үлкен азамат бол, ботақан.
Айналамыз алтын түске оранып, қоңыр күз келді. Жаздың жайма шуақ күндері суық күнге ауысты. Ал біздің үйдің кішкентай еңбекқор егіншілері, өздерінің тәрбиешілерімен бірге жаз бойы еңбектеніп еккен егіндерін жинады.