Біздің жаңалықтар
Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов мырзаның бастамасымен, «Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет басқармасы» ММ-нің ұйымдастыруымен 1-2 желтоқсан күндері біздің балалар үйінің ұжымы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Музыкалық жас көрермен театрында» көрнекті қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен өнер жолына арналған «Шәмші» мюзиклін тамашалады.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нде «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай салтанатты іс-шара өткізілді. Мерекелік шараға мекемеміздің барлық қызметкерлері белсенді қатысты.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-не, жұмыс сапарымен Нұр-сұлтан қаласы мәслихатының депутаты, Нұр-сұлтан қаласы «Nur Otan» партиясы филиалы жанындағы «Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері» жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы Салтанат Муханбетпанақызы Дженалаева ханым мен «Nur Otan» партиясы Нұр-сұлтан қалалық филиалы жанындағы «Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері» жөніндегі Қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Қанат Ғалымжанұлы Естек мырза келді.
19.11.21 – «Біз күн балаларымыз» атты басты мерекелік іс-шара өтті. Әдемі безендірілген музыка залына балалар мен балалар үйінің қызметкерлері жиналды. Жүргізуші, Күлбикеш пен балалар зұлым Өгей анаға әр баланың өз құқықтары мен міндеттері бар екенін түсіндірді.