Біздің жаңалықтар
Бүгін «Күнім» оңалту тобының сұлу бүлдіршіні Меруерт 3 жасқа толды. Сүйкімді балапанды 3-ші қуанышты өмір жылымен құттықтаймыз.
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.
«Қабылдау» тобының тәтті, қылықты балапаны - Камила 2 жасқа толды.
Камила, туған күніңмен шын жүректен құттықтаймыз! Осы керемет күні Саған мықты денсаулық, шексіз бақыт, адал достарың көп болып, өмірде тек жанашыр жақсы жандар жолықсын. Болашақта барлық арман-тілектерің орындалсын!
Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов мырзаның бастамасымен, «Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет басқармасы» ММ-нің ұйымдастыруымен 1-2 желтоқсан күндері біздің балалар үйінің ұжымы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Музыкалық жас көрермен театрында» көрнекті қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен өнер жолына арналған «Шәмші» мюзиклін тамашалады.