Біздің жаңалықтар

Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз жыл басы» ертеңгілігін Елордалық балалар үйі бүлдіршіндері сүйікті ертегі кейіпкерлері Алдар Көсе және Баймен қызықты әрі ерекше атап өтті.

Мерекелік ертеңгілікке балаларымызға қонаққа Қызғалдақ пен Жел келді. Қызғалдақ бүлдіршіндерімізбен би билеп көңіл көтергелі жатқанда, оны Жел келіп ұшырып әкетті. Бүлдіршіндеріміз өздерінің бар күштерін ортаға салып, қазақтың ұлттық ойыны «Арқан тарту» ойынын ойнап, Желмен күш сынасты. Балаларымыздан жеңілген Жел ызғарлы ашуын басып, Қызғалдақты мерекелік ертеңгілікке қайта әкелді.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нде, көктемнің алғашқы күнімен тұспа тұс келетін «Алғыс айту» мерекесіне арналған «Көктемгі TV» салтанатты іс-шара өткізілді.

2022 жылдың 25 ақпанында «Күнім» оңалту тобында кезекті ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналыстың мақсаты: ата-аналарды «Күнім» оңалту тобының қызметімен таныстыру болды

2022 жылдың 25 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК басшылығы мен студенттері ұйымдастыруымен, бүлдіршіндеріміздің «Маша мен аю» аниматорларымен көңілді кездесуі өтті.