Біздің жаңалықтар
Бүгін «Шиелім» жанұя тобының сұлу балапаны Жасмин 2 жасқа толды.
Үйіміздің тәп-тәтті бүлдіршіні көз қуанышымызды, өмір есігін ашқан күнімен құттықтаймыз. Қыран болып самғап, алыстарды көздеп, биіктерді бағындыратын үлкен қыз болып бой жетіп, барлық арман тілектері орындала берсін.
«Ақыл – тозбайтын тон, білім – таусылмайтын кен» деген. Қызымыздың білімді, ақылды болуын тілейміз. Өмір жасы ұзақ болсын. Өмір жолында жақсы жандар кездесіп, тек қана жақсылықтармен қуанта берсін.
2022 жылғы 18-21 ақпан аралығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нде төтенше жағдайлардың алдын алу және өрт сөндіру қауіпсіздігі бойынша «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында оқыту жаттығуы өтті.
2022 жылдың 11 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нде әлеуметтік жұмыс бойынша заңгер Ғабдуллин Бауыржан Құрманғазыұлы қызметкерлерге «Мекемені террористтік топтардан қорғау және қызметкерлердің террористік қауіп төнген кезіндегі алғашқы қорғаныс іс-әрекеттері» тақырыбында ақпараттық дәріс өткізді.
Қуыршақ театры – балалар өмірінің алғашқы кезеңінде танысатын олардың сүйікті өнер түрі.