Біздің жаңалықтар

12.07.2024 ж. Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-нде «Шиелім» оңалту тобы бүлдүршіндерінің бітіру кеші өтті.

Мерекелік іс-шара барысында, балғындар ата-аналарына 3 айлық оңалту кезінде алған дағдылары мен өз жетістіктерін көрсетті – олар қасықтар мен музыкалық аспаптарда ойнады.

Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Smart Astana» мобильдік қосымшасын қолдануды жүзеге асыруда. 

Бүгін “Күнім” күндізгі оңалту тобында мереке. Сүйкімді бүлдіршін, Арманның туған күні. Керемет, батыл, көңілді және ақылды балапанды шын жүректен құттықтаймыз. Арман, біз саған қабілетті, жігерлі, алғыр, тәрбиелі және мықты бала болып өсуіңді тілейміз. Ата-анаңның қуанышы, еліміздің мақтанышы болып ер жет! Өмірің түрлі қызықтар мен қуанышты сәттерге толы болсын. Саған зор денсаулық және осы қызықты әлем туралы білуге, нағыз ержігіт болып өсуге деген қажымас қайрат тілейміз. Туған күніңмен, тәтті бүлдірші.

Астана күні мерекесіне орай, бүгін топ тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен «Менің қалам» тақырыбында балалардың сурет көрмесі өтті. Көрменің мақсаты, бүлдіршіндеріміздің еліне, жеріне деген махаббаты мен патриоттық сезімдерін ояту, жас суретшілерді шығармашылық ізденіске баулу. Балалар өз туындыларында Қазақстанымыздың әсем қаласы Астананың, туған өлке Сарықамыздың келбетін, табиғаты мен кең даласын бейнелеген.