Біздің жаңалықтар

«Мекемені террористтік топтардан қорғау және қызметкерлердің террористік қауіп төнген кезіндегі алғашқы қорғаныс іс-әрекеттері» тақырыбында ақпараттық дәріс өтті.

24.05.2024 ж. Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-нде заңгер Кудеринова С.М., қызметкерлерге «Мекемені террористтік топтардан қорғау және қызметкерлердің террористік қауіп төнген кезіндегі алғашқы қорғаныс іс-әрекеттері» тақырыбында ақпараттық дәріс өткізді.

17.05.2024 жылы Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-нде «Күнім» оңалту тобы бүлдүршіндерінің бітіру кеші өтті.

Үш ай көлемінде балалармен реабилитолог, невропатолог, дәрігер-педиатр, массажист, лфк инструкторы жұмыс жасады. Ал балдырғандардың күтімі мен біліміне тәрбиешілер мен күтушілер, психолог, логопед, монтессори және музыка жетекшісі жауапты болды.