Алғыс айтамыз
Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің, — дейді қазақ xалқы.
«Қамқорлық» адам бойындағы мейірім – шапағаттан туратын ізгілік. Ізгі ниетпен «Балаларды қорғау күні» мерекесі қарсаңында, балалар үйіне арнайы келіп мекеме аумағын тазарту жұмыстарына көмектесіп, керемет сыйлықтарымен балдырғандарымызды қуанышқа бөлегені үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы
Елордалық балалар үйінің ұжымы мен бүлдіршіндері «Балаларды қорғау күні» мерекесіне орай бүлдіршіндерімізге арналған тәтті сыйлықтары үшін «DINARA MYNBAI» сұлулық салонының ұжымына шын жүректен шексіз алғысымызды білдіреміз.
Әрбір бала қашанда бақытты балалықты сезінуі тиіс. Олардың шат-шадыман күлуіне, асыр салып ойнауына, балдәурен шақтың тәтті екенін сезінуіне әрбіріміз ықпал етуміз керек. Осындай мақсатпен «Балаларды қорғау күні» мерекесі аясында елордалық балалар үйіне арнайы келіп, керемет сыйлықтарымен бүлдіршіндерімізге қуаныш сыйлаған Қазақстан Республикасының Мәслихат депутаттары Орынбасаров Азамат Манасұлы мен Айтхожин Азамат Серікұлына, балалар үйінің сәбилері мен ұжымы атынан ризашылығымызды білдіреміз.