Алғыс айтамыз
Игілікті іс үшін алғыс айтудан шаршамау керек. «Жылы сөз – жан жылуы» - деп бекер айтылмаған.
Қайырымдылық жасасаң,
Қайырын өзің көресің, — дейді дана халқымыз.
Адамзат бойындағы ерекше бір қасиеттердің бірі – жанашырлық. Жанашырлық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі.
Сыйлық алғанды балаларымыз өте жақсы көреді. Өздерінің ерекше сыйлықтарымен сәбилеріміздің жүзіне күлкі, жүрегіне жылу сыйлайтын жақсы адамдар да өте көп.
Балаларға қамқорлық – еліміздің мемлекеттік саясатының ажырамас бөлігі. Қоғамдағы қазіргі тренд қайырымды болуға жетелейді. Әлемдегі екінші ұстаз атанған Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» трактатынан бастау алған ізгілік рухы қоғаммен бірге жалғасып келеді. «Адамның бір қызығы бала деген» деп, ұлы Абай айтпақшы, иісі қазақтың бойында балаға деген көңіл ерекше.
Астана қаласы әкімдігінің «Алматы» ауданы әкімдігіне балғындарымызға арналған жаңа жылдық сыйлықтары үшін шексіз ризашылығымызды білдіреміз. Балаларымызға арнайы сыйлаған әдемі ойыншықтарыңыз, оларға үлкен қуаныш, мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Өздеріңіз секілді қамқор жандардың қолдауы мен мейірімі, біздің бүлдіршіндеріміздің болашақта қоғамның толыққанды мүшесі болып, жақсылықтан үлгі алып, жақсы адам болып қалыптасатындарына сенім береді.