Алғыс айтамыз

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында балалар үйіне арнайы келіп, әсем, хош иісті гүлдермен ұжымымыздағы нәзік жандарды мерекемен құттықтап, қуаныш сыйлаған @rich.flowers гүлдер орталығына шексіз ризашылығымызды білдіреміз.

Сіздердің барлық бастамаларыңызға сәттілік, компанияларыңыздың гүлденуі мен істеріңіздің тек алдыға басуына тілектеспіз!

«АҚНИЕТ» Қазақстан денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы балдырғандарымызды көптен күткен сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мерекесімен құттықтап, «Детский мир» сауда орталығына арнайы сертификат берді.

Жақсылық жасау – адамның асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Риясыз жақсылық жасау – биік адамгершіліктің белгісі.

Жақсылық жасау адамзаттың бойындағы ерекше бір қасиет болып табылады. Қазiргi таңда елiмiзде турлi iс-шаралар жасап, қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созып жатқан iзгi жандар көбейiп келедi.