Алғыс айтамыз
Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нің әкімшілігі, «Алтын Орда» авторлық дизайн үйі ұжымына және «Алтын Орда» авторлық дизайн үйінің негізін қалаушы Ырза Тұрсынзада ханымға балаларымызға көрсеткен қамқорлығы үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.
Адам – барлық ізгі сезімдермен қаруланған, жақсылыққа бейім, мәңгілікке құштар жаратылыс иесі. Әрбір адамның іс – әрекеті оның жан дүниесін бейнелейтін айна болып табылады. Өз іс-әрекетін рухына бағындыра білген жандар, әрдайым адамдық пен ізгілік жолынан ауытқымайды.
Балалар үйінің әкімшілігі мен бүлдіршіндері «Нұрлы жол» вокзал кешені ұжымына көрсеткен мейірімділігі мен қайырымдылық көмегі үшін шын жүректен алғыс білдіреді.
Сіздердің қолдауларыңыз балаларға ересектер тарапынан қамқорлықты сезінуге мүмкіндік беріп, үлкен қуаныш әкелді. Сіздерге жақсылық, денсаулық тілей отырып, сондай-ақ көрсеткен көмектеріңіз өздеріңізге жүз еселеніп келуіне тілектеспіз!
Адамзат бойындағы ерекше бір қасиеттердің бірі – жанашырлық. Жанашырлық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі.