Алғыс айтамыз
«Бала адамның бауыр еті» дейді. Шынында, өмірден алғанымыздың ең жақсысын ішкі жан дүниемізбен осы балаларға бергіміз келеді. Жүректері жылуға толы, жанашыр, мейірімді жандар «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ - «Шаруашылық басқармасы» филиалы ұжымына мереке қарсаңында балаларымызға көрсеткен қайырымдылық көмегі мен қамқорлығы үшін ризашылығымызды білдіреміз.
«Жылы сезім жүректерде сақталады, Мейірімділік тек жүректен басталады», – демекші, Жаңа жыл қарсаңында сәбилерімізді назарларынан тыс қалдырмай, мейірімдеріне бөлеп, керемет Жаңа жылдық сыйлықтарымен балаларымыздың жүрегіне жылу, жүздеріне қуаныш сыйлаған REM.KZ ЖШС-не және «ASIA PARK» директоры Андрей Петрович Чигаров мырзаға алғысымызды білдіреміз.
«Бақыт деген сенің бала күндерің» деп жырлаған екен асқақ ақынымыз Мұқағали Мақатаев. Расында, адам баласының ең бақытты шағы – балалық кезеңі. Бұл кезеңнің өзінің есте қаларлық ерекше сәттері болады. Соның бірі – Жаңа жыл. Ал өздеріңіз білетіндей Жаңа жыл сыйлықтарсыз өтпейді.
Балалар үйінің әкімшілігі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№74 мектеп – гимназия» ШЖҚ МКК директоры Нүсіпжан Жеңіскүл Темірханқызы мен 3 «А» - сыныбы оқушылары мен жетекшісі Данагүл Төлепбергенқызына, еліміздің болашағы – жас ұрпағымызды жанашырлық пен қамқорлыққа тәрбиелеп, ізгілікке бастайтын игі бастаманы қолға алып, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында, бүлдіршіндерімізге арнайы сыйлаған пайдалы шырындары мен жемістері үшін алғысымызды білдіреміз.