Алғыс айтамыз
Балалар үйінің аумағын қалың жауған қардан тазарту жұмыстары әлі де жалғасуда. Бүгін біздің мекемемізге Нұр-Сұлтан қаласы әкімдінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК «Шуақ» еріктілері сәбилеріміздің еркін жүріп, алаңсыз ойнауы үшін балдырғандарымыз ойнайтын алаңдарды және мекеме аумағын қардан тазарту жұмыстарына көмектесуге келді.
Ерекше күтімді қажет етететін балаларға арналған коррекция-реабилитациялық орындығын қалпына келтіріп, өңдеу жұмыстарын жасап, бүлдіршіндерімізге ыңғайлы болуы үшін жөндеу жұмыстарын жасаған Абдрахманов Асқар мырғаза біздің үйдің балаларына деген ерекше көмегі мен қолдауы үшін алғысымызды білдіреміз.
Құрметті Абдурахман Сарвиназ Толкынкызы мен Тналина Сая Талгатқызы! Біздің бүлдіршіндеріміз Тимира мен Игнатқа алып берген көзілдірік пен окклюдерлер үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.
Балалар үйі бүлдіршіндері мен ұжымы атынан, Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданы полиция басқармасының жеке құрамына, Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментіне және де Қазақстан Республикасы ҰҚК үкіметтік байланыс қызметіне, біздің үйіміздің аумағын қардан тазалауда көрсеткен көмектеріңіз үшін алғысымызды айтамыз.