Алғыс айтамыз
Балалар үйінің әкімшілігі Сізге және «GARMONYASVODOY» компаниясы ұжымына, отбасы жылуынан тыс қалса да, өздеріңіздей жанашыр жандардың жақсылығы жанына жылу сыйлайтын біздің бүлдіршіндерімізді, назарларыңыздан тыс қалдырмай, 4 жыл бойы қол ұшын беріп, қолдау көрсетіп жатқандарыңыз үшін алғысымыз шексіз. Гидромассажды душтарды жөндеуге және өзгеде қажетті жөндеу жұмыстарындағы көмектеріңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз.
Қыс – ең суық жыл мезгілі, аяз бен борандардың уақыты. Соған қарамастан, бұл мезгілді ұнататын адамдар өте көп, әсіресе балалар.
Қыстың аязды күндерінеде балаларымыз тоңып қалмай, өздері сүйіп ойнайтын шанамен сырғанаулары үшін біз қысқа толық дайынбыз!
Сыйлық алғанды балаларымыз өте жақсы көреді. Өздерінің ерекше сыйлықтарымен сәбилеріміздің жүзіне күлкі, жүрегіне жылу сыйлайтын жақсы адамдар да өте көп. Қолы ашық, жүрегі жомарт жандардың бірі Сұлтанбек Юсуп мырзаға ризашылығымызды білдіреміз.
Қарлы желтоқсан, аязды қаңтар және ызғарлы ақпан – қыстың 3 айы, көптеген қуаныш пен мереке әкеледі. Қар жамылғысына оралған қысқы табиғат көктемді күтеді.
Бүгін біздің бүлдіршіндеріміз керемет сыйлықтарға ие болды. Жұмсақ әрі жылы, әдемі және ыңғайлы киімдер балаларымыздың көңілін көтеріп, қуаныш сыйлады. Балдырғандарымыздың жүзінен қуанышты көру біз үшін үлкен бақыт. Біздің балаларымыздың сүйікті досы Фаттах Каюмович әрқашан біздің балаларымызға қамқорлығын көрсетіп, мейіріміне бөлеп жүреді. Фаттах Каюмовичтің арқасында қыстың суық күндері біздің балапандарымызға жылы әрі жайлы болады.