Алғыс айтамыз

Балалар үйінің ұжымы мен бүлдіршіндері «ЭКО ОКНА» ЖШС (терезелер мен есіктер өндірісі ұйымы) ұжымына, және Абуов Бауыржан мен Баймұқанов Жасланға пластик есіктерді жөндеуге көмектескендері үшін шын жүректен алғысын білдіреді.

Балалар үйінің әкімшілігі мен ұжымы балалар атынан «Partners Realty» ЖШС-не ерекше қамқорлықпен бүлдіршіндеріміздің ойын алаңдарының көркіне сән беретін демалуға арналған орындықтар мен оңалту жабдықтары түрінде көрсеткен көмегі үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. 

Елордалық балалар үйінің әкімшілігі жеке кәсіпкер Жамаш Сандуғашқа төсек-орын жиынтығы түрінде көрсетілген қайырымдылық көмегі үшін шын жүректен ризашылығын білдіреді.

Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нің әкімшілігі, біздің тұрақты меценатымыз және досымыз Фаттах Каюмович мырзаға балаларға арналған керемет ыдыстар жиынтығы үшін алғысын білдіреді.