Алғыс айтамыз
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нің әкімшілігі бүлдіршіндердің атынан балалар үйінің тұрақты меценаты, балдырғандарымыздың жақын, жанашыр досы – Шодиев Фаттах Каюмович мырзаға балаларымызға арнайы сыйлаған интерактивті үстел түріндегі қайырымдылық көмегі үшін шексіз ризашылығымызды білдіреміз.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, ізгі ниетімен, балаларымызға мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлау үшін, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы полиция полковнигі Омарбеков Ерлан Болатұлы мен орынбасары Мұхаметқалиев Асқар Мұратұлы бүлдіршіндерімізді мерекемен құттықтап, өздерінің керемет ерекше сыйлықтарын табыс етуге арнайы келді.
Балалар үйінің ұжымы Нұр-Сұлтан қаласындағы Әлеуметтік бишілер клубына тәрбиеленушілерімізге сыйлаған тәтті сыйлықтары үшін алғысын білдіреді. Сіздердің қайырымдылық көмектеріңіз бүлдіршіндерімізге қамқорлық пен жылулықты сезіндіріп, Жаңа жыл қарсаңында мерекелік көңіл-күй сыйлады!
«Әскери қызмет және жауынгерлік іс-қимыл мүгедектері мен ардагерлері» қоғамдық бірлестігіне және басшысы Марденов Марат Жүкенұлына бүлдіршіндерімізге ізгі ниетіңізбен, қайырымдылық көмек көрсеткендеріңіз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.