Алғыс айтамыз
Балалар үйінің ұжымы мен тәрбиеленушілері «АТМ.007» (mommy.baby_ast) жеке кәсіпкерлігіне, өскелең ұрпақтың игілігі үшін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған сәбилерімізге қамқорлығыңыз бен қайырымдылық көметеріңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз.
Жанар ханымға және оның достарына Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ әкімшілігі мен бүлдіршіндері атынан қайырымдылық көмек көрсеткені үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.
Қайырымдылық жасасаң,
Қайырын өзің көресің, — дейді дана халқымыз.
Адамзат бойындағы ерекше бір қасиеттердің бірі – жанашырлық. Жанашырлық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі.
Балалар үйінің аумағын қалың жауған қардан тазарту жұмыстары әлі де жалғасуда. Бүгін біздің мекемемізге Нұр-Сұлтан қаласы әкімдінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК «Шуақ» еріктілері сәбилеріміздің еркін жүріп, алаңсыз ойнауы үшін балдырғандарымыз ойнайтын алаңдарды және мекеме аумағын қардан тазарту жұмыстарына көмектесуге келді.