Алғыс айтамыз
Сізге, астаналық балалар үйінің шарушылық бөлімінің бастығы Энтымақ Дүйсенбайұлы Махметов пен шаруашылық бикесі Тұрсынай Мұрзақанқызы Досымбекованың атынан, көрсеткен көмегіңіз үшін алғыс білдіреміз.
Сіздерге, біздің бүлдіршіндеріміздің атынан, қайырымдылық көмек ретінде түрлі ойыншықтар, атап айтқанда, велосипедтер, самокаттар мен автокөліктер алып келгендеріңіз үшін алғыс айтамыз!
Көктемгі наурыз айының келгеніне қарамастан, қыс өз қаһарын әлі де төгіп тұр! Қатты қарлы бораннан кейін, балалар үйінің аумағын басып қалған қалың қардан тазартуға, тағы да көмекке Нұр-Сұлтан қаласының «Алматы аудандық полиция басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері келді.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға деген адал ниеттеріңіз үшін алғыс айтамыз.