Алғыс айтамыз
Біз, балалар үйінің ұжымының атынан, «Ана үйі» қоғамдық қорына, оның атқарушы директоры және меценат Анар Амангелдиновна Рахимбаева ханымға алғыс айтамыз. Анар Амангелдиновна Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-не үнемі демеушілік жасап, қолдау көрсетіп отырады.
Көп жылдар бойы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері елордалық балалар үйіне көмек қолын созып келеді.
Біздің балалар үйінің жанашыры, ескі досымыз Бауыржан Бекарыстанұлы Танабаевқа, осынау қасиетті Рамазан айында, балаларға көрсеткен көмегі үшін алғыс айтқымыз келеді.
Балалар үйінің әкімшілігі Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің шет тілдер кафедрасының меңгерушісі Д.Е. Сағымбаев пен кафедра ұжымына көрсеткен мейірімділігі мен қайырымдылық көмегі үшін шын жүректен алғыс білдіреді.