Алғыс айтамыз
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нің әкімшілігі Сейітқали Әділ Асыланұлы, Жолмырза Амина Жолмырзақызы мен Құрбанәлі Тоғжан Бауыржанқызына сыйға берген заттары үшін шын жүректен алғыс білдіреді.
Құрметті Сымбат Оразалиевна! Балалар үйінің бөбектеріне сыйлаған жаялықтарыңыз үшін үлкен алғыс білдіреміз.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нің ұжымы медициналық бетперде сыйлап, көрсеткен қайырымдылық көмектеріңіз үшін шың жүректен алғыс білдіреді.
Адам – барлық ізгі сезімдермен қаруланған, жақсылыққа бейім, мәңгілікке құштар жаратылыс иесі. Әрбір адамның іс – әрекеті оның жан дүниесін бейнелейтін айна болып табылады. Өз іс-әрекетін рухына бағындыра білген жандар, әрдайым адамдық пен ізгілік жолынан ауытқымайды.