Алғыс айтамыз

Жақсылық айналадағыларға қуаныш сыйлауға ұмтылдыратын, қоғамды адамгершілікке үндейтін қасиет. Жақсылықтың керемет тұсы – оның саған екі еселеніп қайтуы. 

Игілікті іс үшін алғыс айтудан шаршамау керек. «Жылы сөз – жан жылуы»-деп бекер айтылмаған.

Тәуелсіздік күніне орай балаларымызға көңіл бөліп, қамқорлық танытып, қолдау көрсеткені үшін ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің подполковнигі Аитов Данияр Зейнелханұлына алғысымызды білдіреміз.

Мейірімділік — көмек қажет жандарға білдірілетін сүйіспеншілік пен көмек. Мейірімді адамның жүрегі кең, пейілі таза болады.