Алғыс айтамыз
«Қамқорлық» адам бойындағы мейірім-шапағаттан тұратын ізгілік. Айналаңдағы жандарға қол ұшын беру, көмектесу, жанашырлық көрсету жылы жүректілікті білдіреді.
«Табиғаттағы барлық жылу күннен, өмірдегі барлық жылу – адамнан» — демекші, бір-бірімізге деген қамқорлығымыз бен бауырымалдығымыз шынайы болып, азаймаса екен.
Жақсылық жасау – адамның бойындағы ең жақсы қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады.
«Мейрімділік – жүректен» — дейді дана халқымыз. Кезінде Абай атамыз да өзінің қара сөздерінде «Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ» — деген.