Алғыс айтамыз

Ең бағалы сыйлық ол – арнайы қолдан жасалған сыйлық. Назым Өтегенова бүгін бізге сәбилеріміз үшін қолдан жасалған арнайы сыйлығын табыс етті.

Қазіргі жастар тәрбиесінде жүректі ізгілендіру, жүректі нұрландыру арқылы адам жанына әсер ету үрдісі кең қолданылып келеді. 

Ойыншық – баланың серігі. Бүлдіршіндер ішкі сырларын ойыншығымен бөлісіп, сырласады. Сәбилерімізге әр түрлі әдемі ойыншықтарды сыйға беріп, қуаныш сыйлаған Аскапова Алия Азатовнаға шексіз ризашылығымызды білдіреміз. Балаларымызға көрсеткен  қамқорлығыңыз бен қолдауыңызға рахмет. Балдырғандарымызға жасаған жақсылығыңыздың игілігін көріңіз. Сізге, мықты денсаулық, шексіз бақыт, жұмысыңызға табыс тілейміз.

Біздің балаларымыз үшін мейіріммен арнайы тоқылған Татьяна  әжейдің сәнді свитерлері мен шұлықтары қыстың аязды күндерінде сәбилерімізді жылытатын болады.