Біздің жаңалықтар
Балалардың шығармашылығы әрдайым жарқын жағымды эмоцияларға толы. Осыған байланысты біздің үйдің кішкентай дарынды бүлдіршіндерінің жұмыстары керемет тартымды күшке ие. Сол себепті, сәбилерімізді әр түрлі конкурстарға жиі қатыстырамыз. Бұл балалардың бойында көрнекі белсенділікке деген құштарлықты оятуға және сақтауға, сонымен қатар танымдық қызығушылықтарын дамытуға көмектеседі. Балаларымыздың сурет салуға деген қызығушылығы қабілеттерін шыңдап, бос уақыттарын тиімді өткізудің жаңа әдістерін үйреніп, жетістіктерге жете білуінің тамаша тәсілі.
Бұл жыл біздің дарынды бүлдіршіндеріміз үшін шығармашылық табысқа толы жыл болды. Балаларымыз республикалық және ауданаралық онлайн байқауларға қатысып жүлделі орындарды иеленуде. Балғындарымыздың бұл жолғы кезекті жеңісі «Балдаурен» Республикалық балалар мен жасөспірімдер сайты ұйымдастырған «Күзгі шабыт» байқауына қатысып, ерекше қабілеттерімен үздік деп танылды.
Күз – бұл тылсым сырға толы таңғажайып жыл мезгілі. Әрине, әр жыл мезгілінің өзіндік ғажайып көріністері мен сырлары бар, бірақ күз мезгілі барлығынан да әсерлі! Оның көркемділігі мен әсемдігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес!
Күз мезгілінің адамға шабыт беріп, жарқын көңіл-күй сыйлайтын кескінін салуды жақсы көретін балғындарымыз, жақында өткен Adebi.kz порталының «Күз келбеті» республикалық байқауына қатысып, жүлделі 1-2 орындарды иеленіп, дипломмен марапатталды. Сәбилеріміздің әрбір жетістігі біздің үлкен қуанышымыз. Кішкентай суретшілерімізді кезекті жеңісімен құттықтаймыз. Шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз. Балаларымыз тек биік шыңдарды бағындырып, жетістіктерге жете берсін.
Бүгін Нұр–Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нде «Алтын күз» мерекелік іс-шарасы өткізілді. Балалар әуезді әуенмен залға кіріп, «Паровоз», «Жапырақтар», «Күзгі саңырауқұлақтар» биін билеп, хормен күз туралы «Алтын күз» әнін әдемі орындады.
Бүгін Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай мұрасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.