Біздің жаңалықтар

«Конституция – біздің барша табыстарымыздың бастауы. Елдігіміздің киелі кітабына айналған қастерлі құжат – тұрақтылық пен татулықтың тұғыры».

«Nur Otan» партиясының қалалық филиалы біздің үйдің көпбалалы аналарына оқу жылы қарсаңында арнайы көмегі мен қолдауы ретінде мектепке баратын бүлдіршіндері үшін өздеріне қажетті заттарды «abdi» бренд желісінен сатып алуға арналған 10 000 тг көлеміндегі сертификаттарды сыйға берді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы құрметіне, бүгін мамандарымыз балалармен таза ауада «Теремок ертегісі бойынша саяхат» атты спорттық көңіл-көтеруге арналған мерекелік сайыс өткізді. 

Біздің үйде Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған «Байтақ елім, киелі жерім – Қазақстан» атты мәнерлеп оқу байқауы жарияланды. Сайыс нәтижесі 28.08.2020 жылы 14:00-де анықталады.